Тоқаев: Атырау облысы тек мұнай мен газға ғана сенбеуі керек

Сурет: pixabay
Атырау облысы тек мұнай мен газға арқа сүйемей, туризм сияқты басқа да болашағы зор салаларды дамыту керек. Бұл туралы 8 қарашада Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ең бастысы, бастаманы батыл қолға алу.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, жолдарды салу және қайта жаңарту, туризм нысандарына инженерлік коммуникациялар тарту мәселелерін шешу керектігін түсіндірді.

Бұл менің Атырау облысының дамуына деген көзқарасым. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сөзінің соңында Президент оның барлық тапсырмалары мұқият пысықталуы, уақтылы және сапалы орындалуы керектігін атап өтті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» компаниясына экологиялық талаптарды ескере отырып, өңірде ірі мұнай сақтау қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды