БҚО-да 60 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінген ЖШС есепшісі Ресейге қашып кетті

Сурет: Zakon.kz
Теректі ауданы орталығындағы "Теректі таза су" ЖШС-не жүргізілген тексеру барысында ЖШС есепшісі серіктестік қаражатын жеке есепшотына аударғанын анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұрлықтың жалпы сомасы 60 миллион теңгеден асады.

"Қазір тексеру жүріп жатыр", – деді БҚО бойынша тексеру комиссиясының аппарат жетекшісі Ерлан Сәпиев.

Тексеру комиссиясы "Теректі Таза Су" жауапкершілігі шектеулі серіктестегі ұрлықты анықтағаннан кейін материалдардың бір бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Қазір олар сараптамадан өтіп жатыр.

Тексеру қорытындысы шықпайынша БҚО құқық қорғау органдары есепшіні іздеуге жариялап, оған айып таға алмайды. Нақты мәліметке сүйенсек, әйел Қазақстан азаматы.

"Теректі таза су" ЖШС басшысы Руслан Ғалиев бұл іске қатысты пікір білдіре алмайтынын айтты. Теректі ауданының әкімдігі қазір кәсіпорынның қаржылық қызметіне тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бір айта кетерлігі, "Теректі таза су" ЖШС Теректі елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етіп, оған мемлекет 100 пайыз қатысып отыр әрі мемлекеттен субсидия алады.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз