Қазақстан Әзербайжан мұнай құбыры арқылы мұнай экспортын ұлғайтады

Сурет: pixabay
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстаннан Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды бастайды. Бұл жөнінде Сенат кулуарында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қазіргі уақытта Үкімет Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қытай және басқа елдер арқылы мұнай тасымалын әртараптандыру бойынша Жол картасын іске асырып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, Ақтау порты арқылы Баку портына және одан Баку –Тбилиси –Джейхан бағытында тасымалданады.

Сондай-ақ қазақстандық мұнайды Баку – Супса және Баку – Батуми бағытында тасымалдауға болады. Сонымен қатар Атыраудан Батумиге, Өзбекстанға және Қытайға темір жол бағыты бар.

Аталған барлық бағыттар бойынша мұнай экспортының әлеуетін кеңейту және арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстаннан "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай тасымалдау туралы уағдаластық бар. Бұл көлемді одан әрі 6-6,5 млн тоннаға дейін ұлғайту пысықталуда.Әлихан Смайылов

Премьер-министр көрші елдердегі әріптестеріміз тарапынан толық түсіністік пен қолдау бар екенін, олар өздерінің транзиттік мүмкіндіктерін ұсынуға, осы мәселелер бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды