Алматыда барахолкадағы өрт сөндірілді

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
11 қарашада Алматыда барахолкадан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданында орналасқан базардың өртін сөндіруге аттанды.

Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына 8 минутта жетті.

Жалпы аумағы 1,5 шаршы метр болатын қойма жанып жатты, қою түтін шығып, іргелес және көрші қоймалардағы тауарлар мен материалдар салынған контейнерлерге таралу қаупі болды. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіру құралдарының үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді, сонымен қатар өрт сөндіру көлігі тартылды. Өтіп бара жатқандар мен куәгерлер кедергі жасағандықтан, полицейлер қоршау ұйымдастырды.

Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылды.

Өрттің ошағын анықтау үшін тепловизорлар қолданылды, қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан, өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс істеді.

Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр болатын жердегі өрт 69 минутта ауыздықталды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды