Синоптиктер сейсенбіде елімізде жаңбыр жауып, көктайғақ, боран болатынын болжады

Сурет: pixabay
15 қарашада еліміздің 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан оңтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстікте, таулы аудандарда және тау бөктерінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с, өңірдің батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа ойыса 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Қызылордада батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен сел соғады. Өскеменде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстігінде көктайғақ орын алады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде батыстан жел соғады, таулы аудандардағы екпіні 23-28 м/с құрайды. Шымкентте таңертең және түстен кейін қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, боран болады, жолдарда қар борау қаупі жоғары. Облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 17-22 м/с, облыстың солтүстік шығысында 28 м/с құрайды. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде солтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз