Павлодар облысы полицейлері браконьерлік фактісін анықтады

Сурет: polisia.kz
Павлодар өңірінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, оның барысында полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының полицейлері 8 қарашада жүксалғышта еліктің бір ұшасын тасымалдаған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi автокөлігін тоқтатты, деп жазады, Polisia.kz.

Ер адам аңды атқан кезде міндетті түрде жанында болуға тиіс қорықшыны ескертпестен аңға шығып, жас сібір елікті емес, ересек ұрғашысын атып алған.

Автокөлікті тексеру барысында аңшылық мылтығы табылып, тәркіленді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Жыл басынан бері Павлодар облысының тәртіп сақшылары құқық қорғау заңнамасын бұзудың 900-ге жуық фактісін анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда