Тоқаев қалалық венчурлік қор құру идеясын қолдады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада Алматыда халықпен кездесуі барысында мегаполис цифрлық көшпенділер үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "азаматтардың креативті бастамаларын жүзеге асыру үшін таяу уақытта қалада шығармашылық хабтар мен кластерлер іске қосылатынын" айтты.

"Мен әкімдіктің бастапқы капиталдандыруы 10 млрд теңге болатын қалалық венчурлік қор құру идеясын қолдаймын. Бұл жобаны іске асыру үшін жеке қаражатты тарту маңызды". Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, қор шығармашылық салалардың экожүйесін дамытуға қуатты серпін береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің көптеген мегаполистерінде креативті индустрия экономикалық өсудің негізгі қозғалтқышы екенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда дарынды азаматтарымыз бұл салада шетелде кеңінен танымал. Олардың өз елімізде жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Қазірдің өзінде Қазақстанның шығармашылық секторында 19 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Сонымен қатар еліміздегі IT-компаниялардың 40%-дан астамы Алматыда орналасқан". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент "Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала" екенін атап өтті.

Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді