Алматы – Тараз бағытындағы тас жолдың жабылғаны рас па

Сурет: Zakon.kz
16 қараша күні Қазнетте Алматы – Тараз тас жолының қар басқан видеосы тарады. "ҚазАвтоЖол" Zakon.kz тілшісіне ауа райының қолайсыздығына бола жол жабылмайтынын, ондай жоспар жоқ екенін мәлім етті.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода автор 16 қараша күні түстен кейін жол жабылғанын айтады.

"Алматыдан келетін жол жабық. Тараз бағытында да жабық", – дейді видео авторы.

Осыған орай "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ мән-жайды анықтап, мұның себебін түсіндірді.

Олардың айтуынша, жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 10 минутқа созылған кептеліс жасаған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жол ашық.

"Біз жолды жапқан жоқпыз және әзірге ондай жоспарымыз жоқ", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметі.
Тараз
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы