Парламент Халықаралық даму банкінен 345,7 млн еуро қарыз алу туралы заң қабылдады

Сурет: pixabay
Сенат "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға қарыз) ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың бейінді комитетінің қорытындысында Заң жобасында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы өтеу мерзімі 2,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 11,5 жыл, сыйақы мөлшерлемесі еврибор+ауыспалы спред болатын, қарыз сомасының 0,25% құрайтын біржолғы комиссиясы және резервке қою үшін қарыз қаражатының алынбаған қалдығының жылдық 0,25% құрайтын комиссиясы бар, республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 345 700 мың еуро сомасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау көзделгені айтылған.

"Заң жобасының міндеті республикалық бюджеттің қабылданған міндеттемелерін, оның ішінде республикалық бюджетте көзделген мемлекеттің әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарын қолдау" – дейді комитет өкілі.

Бұл ретте Заң жобасын қабылдау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасы үкіметінің кешенді шараларын қолдауға және республикалық бюджет тапшылығын толық қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Бюджет тапшылығын жабуға ХҚҚДБ-нен 345,7 миллион еуро көлемінде қарыз алу туралы заң жобасы осы жылдың қыркүйек айының соңында Мәжіліске ұсынылған-ды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды