5G мұнарасы квадрокоптерді ерітіп жіберді: қазнетте жаңа фейк тарады

Сурет: pexels
Желі қолданушылары квадрокоптердің көмегімен түсірілген видеоны бір-біріне жіберіп жатыр. Видеода дрон 5G мұнарасына дейін ұшып, содан кейін құлай бастайды. Жерге соғылған квадрокоптер түтіндейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адамдар видеоны көрген соң бұл 5G желілерінің технологияға және адамдарға әсері деп болжады. Ал StopFake.kz қазнет қолданушыларының бұл пайымы шындыққа жанаспайды деп хабарлады.

Видеоға түсініктемеде басылым 5G желілерінің дронның құлауына еш қатысы жоқ екенін жазды. Негізі квадрокоптердегі басқару жүйесі істен шыққан.

5G желілерінің квадрокоптерді ерітпейтіні анық. Қазір тіпті 5G желілерін пайдаланып жұмыс істейтін дрондардың тұтас «эскадрильялары» бар. Мұндай құрылғылар көбінесе ауылшаруашылық өнеркәсібінде қолданылады: олар егіннің жай-күйін, зиянкестердің таралуын, шығымдылықты және басқа параметрлерді бақылауға көмектеседі. 5G желілері дрондарды ерітеді деген мәлімдеме жалған, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде кейбірі 5G байланыс мұнаралары мүлдем жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін емес, адамдарды жоғары дозада әдейі сәулелендіру үшін орнатылады деп, фейк таратты Адамдар "вирустар мен бактериялардан емес, дәл осы себепті ауырамыз" деп болжаған. Бұл фейк желіде де тарап кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты