Қазақстанда цифрлық әскери билет пайда болады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда цифрлық әскери билетті енгізу 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ростислав Коняшкин атап өткендей, қазір «ҰАТ» АҚ Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, тіркеу куәлігі мен әскери билетті цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде.

"Осы құжаттарды (әскери билет пен тіркеу куәлігін – ред.) цифрландыруға келсек, біз қазірдің өзінде бұл жұмыстарды атқарып жатырмыз. Менің ойымша (электрондық әскери билет – ред.) келесі жылдың басында, бірінші жартыжылдықта жүзеге асады деп ойлаймын.» Ростислав Коняшкин

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінде әскери есепке алу құжаттарын цифрлық жүйеге көшіру бойынша «кең ауқымды жоспарлар» бар.

9 қарашада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлады. Әзірге цифрлық төлқұжат Қазақстанда жеке куәлік сияқты жеке басын сәйкестендіру үшін ғана қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды