Атырауда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, екі көлікпен соқтығысты

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырауда 18 қарашада Toyota Camry жүргізушісі адам өліміне әкелген жол апатын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"18 қарашада сағат 09:00 шамасында Toyota Camry жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, электр бағанасына, сонан соң салынып жатқан ғимараттың қоршауына соғылып, жаяу жүргіншілер жолындағы ер адамды қағып кетті. Сонымен бірге ол тұрақта тұрған Hyundai Elantra және "Ваз 2111" көліктерін соқты. Салдарынан тұрақта тұрған Hyundai жүріп бара жатқан Volkswagen Passat көлігіне соғылды", – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Полиция оның кім екенін анықтап жатыр.

Қазір бұл жол апаты бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме