Көкпекті ауданында аудандағы, бәлкім, бүкіл Абай өңіріндегі ең ұзын адам саналатын Вячеслав Вишняков №785 сайлау учаскесіне келді.
Аудан орталығында коммуналдық кәсіпорындардың бірінде моторшы болып жұмыс істейтін оның бойының ұзындығы –2 метр 20 сантиметр. Еңбек адамы Вячеслав Вишняковтың жұмысын адал атқарып келеді, оның Айжан есімді жары мен сүйікті ұлы бар. Ол сайлау учаскесіне азаматтық борышын өтеу үшін келіпті.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Бүкіл елді басқаратын тұлғаны сайлау өте маңызды. Сайлауға қатысу – барша қазақстандықтар үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік", – деді ардагер қарт Елеусіз Кенбаев.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Біздің міндетіміз – таңдау жасау, жастарға үлгі көрсету, сол арқылы патриотизм мен жауапкершілікке тәрбиелеу. Біз еліміздің болашағы үшін жауаптымыз, сондықтан мен бүгінгі сайлауға қатысып отырмын. 85 жасымда мен болашақ ұрпақтың пайдасына таңдау жасадым, еліміздің өркендеп, дамыған елдердің қатарына енуіне тілектеспін", – дейді Манабай Балтақайұлы.
Ақсақал туған жерінің өркендеуіне зор үлес қосып, жерлестерінің лайықты құрметіне бөленді. Елге сіңірген еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін", "В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына орай", "Еңбектегі ерлігі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
20 қарашада Абай облысында 17 сәби дүниеге келді: 10 қыз, 7 ұл. Облыстық перинаталдық орталықта 116 болашақ ана мен жақында ғана босанған әйел Қазақстанның болашағы үшін өз таңдауын жасады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Бүгін біз үшін маңызды күн, өйткені бұл күні біз бір отбасы болдық. Сондай-ақ бұл күн бүкіл еліміз үшін тарихи оқиға – Президент сайлауымен тұспа-тұс келді. Біз азаматтық борышымызды өтеп, өзімізге әсер ететін таңдау жасауды ұйғардық", – дейді жас келіншек Аяжан Заданова.