"Күн райы күрт бұзылады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, келесі апта басында қалада жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады, күндіз және кешкі уақытта найзағай ойнауы мүмкін.
"Бірақ 22-23 қыркүйектен бастап ауа райы, көбіне жауын-шашынсыз болып, көшпелі бұлт жүреді, күндізгі температура +25...+27°С шамасында сақталады. Аптаның екінші жартысында, яғни 24-25 қыркүйекте күндіз қайтадан жаңбыр жауып, қатты жел тұратыны болжанады, бірақ ол көбінесе қаланың жоғарғы таулы аудандарында байқалады. Бұл күндері ауа температурасы едәуір төмендейді, атап айтқанда, түнде: +12...+14°С, күндіз: +20...+22°С", – дейді Дәулет Кісебаев.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 19-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамы:
19 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +29...+31°С.
20 қыркүйек: аспан бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы: түнде +15...+17°С, күндіз: +29...+31°С.
21 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, түндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
22-23 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
24-25 қыркүйек: аспан бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы: түнде +12...+14°С, күндіз: +20...+22°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалалары бойынша 2026 жылғы 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.