Алматыда дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қалада мұқтаж жандарға 65 инватакси көлігі мен 500-ден астам көшпелі топ ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ үйде дауыс беруге арналған 1062 жәшік әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 65 ардагер мен 5076 мүмкіндігі шектеулі сайлаушы дауыс беру үшін ерекше жағдайды қажет етеді. Оның 2551-і мүгедектер арбасымен жүріп-тұратын болса, 1382-сі көру қабілетінен, 1143-і есту және сөйлеу қабілетінен толық айырылғандар.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізімінде 11 950 485 Қазақстан азаматы бар.

Президент сайлауы — 2022
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды