Жауын-шашынды ауа райына байланысты Алтынемел асуындағы жол жабылды

Сурет: Ақмола облысы ПД
22 қарашада сағат 20:30-дан бастап Алтын-Емел асуында республикалық маңызы бартас жолының 45-68 шақырым аралығы ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік құралдарының барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Алтын-Емел асуында республикалық маңызы бар Р-20 - "Сарыөзек-Көктал" тас жолының 45-68 шақырымы аралығында (күрделі жөндеу учаскесі) елорда уақыты бойынша сағат 20:30-дан бастап автокөлік құралдарының барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазір бұл өңірде ауа райы жауын-шашынды, оған қоса синоптиктер түнде боран соғып, желдің екпіні 20 м/с жетеді деп болжайды.

Күрделі жөндеу учаскесінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 6 арнайы техника жұмылдырылды, делінген хабарламада.
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі