Биыл 5885 тұрғын үйде өрт шыққан

Жыл басынан бері тұтас ел бойынша тұрғын үйлерде 6 мыңға жуық өрт болған. Салдырнан 216 адам қаза тапты, 173 адам жарақат алды. Бұған негізгі себептердің бірі – өрт қауіпсіздігінің төмендігі.

Көпқабатты тұрғын үй кешенінің атауы «Сенатор» болса да, тұрғындардың өздерінде билік жоқ. Тұрғындар қарапайым өрт қауіпсіздігін талап ете алмай отыр.

Өрт бола қалған жағдайда дабыл қағып, құбыр арқылы суды жіберетін құрылғылардың барлығы осы бөлмеде. Бірақ, оған тұрғындар кіре алмайды. Өйткені, кешеннің жертөлесіндегі барлық бөлмелер сатылып кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

«Енді сол ғимарат ішінде біздің бүкіл заттар қалды. Соны ауыстырып, басқа жерге орнататын жер жоқ. Өйткені, бүкіл ғимараттың бос жерлері түгел сатылып кеткен. Түгелі жеке меншікке өтіп кеткен». Қайырбек Жұмаханов, Тұрғын үй бірлестігінің төрағасы

Заң бойнша бұл үйдің 16 қабатында тұруға да, оны сатуға да болмайды. Дегенмен, осы кешенді салған құрылыс компаниясы өз білгенін істеген.

Өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер тұтас ел бойынша өте көп. Ереже ескерілмейді, сақтық шаралары орындалмаған. Енді, бұл заңсыздықтарға қатысты заңды сұрақ туындайды? Төтенше жағдайлар комитеті тексеріс жүргізбей ме?

«Бізде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тәуекелдердің дәрежесін бақылау өлшеу шарттарына сәйкес 28 қабаттан жоғары болса тұрғын үй ол тексеруге жатады. Сондықтан жыл сайын ерекше тәртіп бойынша тексеріледі. Аспандияр Сапарғалиев, ҚР ІІМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы

Демек, жоғарыдағылардың ғана қауіпсіздігі жоғары болмақ. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий бар. Сол себепті де, пәтер иелерінің кооперативі тексерілмейді. Бір-бірімен қабыспайтын ережелерден сақтық жоқ, салғырттық көп боп тұр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: