Еуропарламент сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Сурет: freepik
Украинаның көп бөлігі электр қуатынсыз қалды. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей сәрсенбіде елдің энергетикалық нысандарына жойқын соққы берген. Әсіресе Киевте жағдай күрделі. Қалаға 30 зымыран жіберілді. Барлық Атом электр стансасы, сонымен бірге жылу және су электр станцияларының көбі тоқтан ажыратылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ел аумағында шабуылдан 10 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланды.

Ресейдің әрекетінен көршілес Молдованың 90 пайызы да жарықсыз қалған. Мемлекет Украинадан келетін электр қуатына тәуелді.

Бұған дейін Еуропарламент Ресейді Украинаның азаматтық инфрақұрылымына соққы бергені үшін терроризмді қолдайтын мемлекет деп танитын қарар қабылдады. Бұл қадам тек символикалық мәнге ие. Себебі Еуроодақта мұны жүзеге асыратын құқықтық негіз жоқ. Мұндай қарар қабылданғаннан кейін Еуропарламент сайты кибершабуылға ұшыраған.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді