Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» Х халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Франция, Канада, Германия, Ұлыбритания, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Жапония ғалымдары қатысуда. Жалпы алғанда, іс-шараға атом саласындағы жетекші кәсіпорындар мен компаниялардың 450-ден астам өкілдері келді.

Атап өту керек, атом энергетикасын дамытуға бет алған әлемдік үрдіс елімізде де осы салаға ерекше назар аударуды талап ете бастады. Бұл ретте, қатысушылар уранның минералдық-шикізат базасын дамытудың стратегиясын, ғылым мен өндірісті жетілдіру мәселелерін жан-жақты қарастыруы заңды.

Конференцияның негізгі мақсаты да сол – уран өндірудің қазіргі жағдайы мен алдағы болашағын талқылау, халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, озық ғылыми-технологиялық мақсаттарды атап өту және оларды шешу үшін алаң ұсыну.

Сурет: Zakon.kz

Уран өнеркәсібінің маңызды міндеттерін шешуді ғылым мен технологиясыз, халықаралық аренада елестету мүмкін емес. Атом индустриясын дамыту әлемдік компанияларды, ғалымдарды білікті мамандарды біріктіруді талап етеді.

Еліміздегі ұлттық компания «Қазатомөнеркәсіп» саланың қолданыстағы минералдық-шикізаттық, технологиялық, зияткерлік және экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану әрі ұлғайту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асырып жатыр.

Сурет: Zakon.kz

«Өздеріңіз білесіздер, Қазатомөнеркәсіп еліміздің тек бейбіт атомды дамыту саясатын ұстанады. Конференцияда қамтылатын мәселелердің кең ауқымы мен қатысушылардың жоғары деңгейі оған Қазақстан мен басқа елдер үшін стратегиялық маңызды сала ретінде әлемдік уран индустриясындағы маңызды оқиға мәртебесін беретіні сөзсіз». Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы маңызды бағыт¬тар¬дың бірі – әлемдік сахнада «бей¬біт атом» саласын дамы¬туға басымдық беру. Әрі аталмыш салада ғылымды дамыту мәселесіне бетбұрыс жасау әсіресе маңызды екендігі анық.

Осыған байланысты, Қазатомөнеркәсіп басшысы «Атом индустриясындағы ғылыми-технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатында өндірістік процеске озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізе отырып, ғылыми әзірлемелерді белсенді жүргізу маңызды», – деді.

Сурет: Zakon.kz

Конференция барысында геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары, уран өндіру және қайта өңдеу технологиясы, атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару, тұрақты даму (ESG) мәселелері, атом саласы жұмыс істеуінің құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері, атом саласындағы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру талқылануда.

Шара аясында Қазатомөнеркәсіп Paul Scherrer Institute (Швейцария) пен Қазақстан-Британ техникалық университеті арасында ынтымақтастық келісіме қол қойды. Бұл құжат саланың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, атом саласындағы ғалымдарды қолдау мен жаңа мамандарды дайындауға ықпал етуге бағытталған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: