Ауруханаларға бір күнде әртүрлі дене жарақаттарымен, оның ішінде сынықпен де 160 адам келіп түскен, оның 41-і - бала, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ал төрт адам ота жасауды қажет етеді.
Ауыр науқастар да бар. Аяғы, жамбасы, қолы сынған. Алты адам травматология бөлімінде жатыр. Ота жасалады. Әріптестерімізге ауыр салмақ түсіп жатыр. Екі дәрігер жұмыс істеп жатыр. Үштен де істеп жатырмыз. Бригаданы көбейтуге мәжбүрміз. Тараз қалалық көпсалалы аурухананың Травматология бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Әбдрайымов
Тараз бір күнде мұз қалаға айналды. Көшелер мен тротуар түгел көктайғақ. Машина түгілі, адамның өзі құлап жатыр. Көктайғақта жол апаты көбейіп, көшеге көлік кептелді.
Облыс және Тараз қаласында 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде жетеуі – механикадан. 10 адам жеңіл жарақат алды. Апаттардың себебін анықтау мақсатында сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова
Түске таяу жағдай тұрақталды. Күре жолдар да ашылды. Қаладағы 79 көше мұздан тазартылды. Коммуналдық қызметтің еңбегі ерекше көзге түсті. Олар құм мен тұзды қолмен сеуіп жүр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауып, артынша тағы да аяз болуы ықтимал.