Рышат Әміренов көпшілік ескі бейнежазбаларды, фото және хабарламаларды таратып жатқанын жазыпты.
"Кейбіреулер әдейі асыра сілтеп жіберді. Бірақ теріс бұрмалап, өршітудің қажеті жоқ! Қалада 700-ге жуық көпқабатты үй болса, 71-і жылусыз қалды, яғни жалпы санның 10%-ға жуығы". Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов.
Қазір бұл үйлердің бәріне жылу беріліп жатыр. Оның айтуынша, жылу режимі жақсарып келеді.
"Ақау шыққан радиаторлар ауыстырылып жатыр, залалға өтемақы төленеді, жарық пен жылудың ақысы қайта есептеледі. Орасан зор жұмыс істелді әлі де істеліп жатыр. Оқиғаға кінәлілер жазаланатынына сенімдімін, ал біз, екібастұздықтар тексеру барысын жіті қадағалап отырамыз", – деп жазды Рышат Әміренов.
Рышат Әміренов қала тұрғындарына және барша халыққа көмек қолын созғаны үшін алғыс айтты.
"Көмекке мұқтаж жандардан көрі көмектескісі келгендер көп! Еріктілер, журналистер, бизнесмендер, өнеркәсіп алпауыттары бізбен бірге болды! Сіздердің демеуіңізбен біз қиындықтарды жеңеміз! Бәріне мың алғыс!".Рышат Әміренов
Қарашаның 27-не қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Энергетика министрлігі жылу құбырларының әбден тозығы жеткенін мәлімдеді.