Тоқаев санкциялар ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасына қысым жасап отырғанын айтты

Сурет: akorda.kz
9 желтоқсан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек екенін баса айтты.

"Енді преференциялық келісімдер жасалған серіктестермен өзара іс-әрекеттің сапасын арттыруға назар аудару маңызды. Бұл жерде Вьетнам, Сербия және Иран туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ Үндістан, Мысыр, Индонезия және Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмысты жеделдеткен жөн. Бұл жөнінде бірнеше рет айттым".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда ол Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөз басталғанын қолдайтынын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бастаманың келешегі зор әрі бүкіл "еуразиялық бестіктің" мүддесіне сай келеді.

"Енді осы процесті созбалаңға салмау маңызды", деп түйіндеді ойын Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер