Олардың ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрияда прокурорлар мен судьяларды даярлауды жүзеге асыратын 11 мекеме бар (соңғысы – бақылаушы ретінде
"Бұл келісімдер қатысушыларға бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізуге, тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасуға, оқытушылар мен сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Желіге кірген ұйымдар
Қазақстаннан:
– Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы;
– Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясы.
Әзірбайжаннан:
– Бас прокуратураның ғылыми-білім беру орталығы;
– Әділет Министрлігінің әділет академиясы.
Қырғызстаннан:
– Бас прокуратураның прокурорлық-тергеу қызметкерлерін кәсіптік даярлау орталығы;
– Жоғарғы сот жанындағы Жоғары сот төрелігі мектебі.
Түркиядан.
– Түркия әділет академиясы.
Өзбекстаннан:
– Бас прокуратура академиясы;
– Жоғары судьялар кеңесі жанындағы жоғары судьялар мектебі.
Венгриядан (бақылаушылар ретінде):
– Бас прокуратура;
– Венгрияның ұлттық сот басқармасы.
Меморандумның қолданылуы сол мерзімге ұзарту мүмкіндігімен 10 жылға есептелген.
Желіні құрудың құқықтық негізі түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахичеван келісімі және Түркі мемлекеттері ұйымының 8-саммитінің декларациясы болды.