Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды

Бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 22:17 Сурет: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне, 3 600 гр салмақпен туылған ер бала жеткізілді.

Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек — өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған.

Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" операциясын жасап шықты.

Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: