Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жаңа туған сәбиге тұңғыш рет күрделі симультанды ота жасалды

операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 23:42 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда тұңғыш рет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының хирургтары жаңа туған сәбиге туа біткен бірнеше кистозды ісіктерді алып тастау бойынша күрделі симультанды ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар туа біткен ас қорыту жүйесінің өте сирек кездесетін патологиясы: өңеш пен асқазан-ішек жолдарының екі еселенуімен дүниеге келген нәрестеге бір мезетте бірнеше өте күрделі ота жасап, баланың ішінде бір емес, бірнеше жерінде орналасқан кистозды ісіктерді алып, жаңа туған нәрестенің өмірін аман алып қалды.

Өңештен дамып қосарланған үлкен киста, бүкіл сол жақ кеуде қуысында орналасып, сол жақ өкпені қысылуына және нәрестенің туылғаннан бастап тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелді. Сондай-ақ іш қуысында кистозды үлкен ісіктер (түзілімдер) болды. Соның салдарынан баланың іші ұлғайып, іш қуысында қысымның жоғарылауын тудырды, ол өз кезегінде ішектің жұмысы мен нәжістің шығуының бұзылыстарына әкелді. Дүниеге келгеніне екі күн болған нәресте Талғар қаласы аудандық перезентханасынан ауыр жағдайда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына әкелінді. Баладағы туа біткен ақау ана құрсағында ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған.

операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 23:42

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Компьютерлік томография негізінде алдын-ала қойылған диагноз: Асқазан-ішек жолдарының аралас қосарлануы, торакоабдоминалды түрі. Өңештің кистозды қосарлануы, аш ішектің кистозды және түтікті қосарлануы. Бес күн ішінде нәрестенің жағдайын қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Баланың өміріне қауіп төнгендіктен операция шұғыл түрде жасалды. Жаңа туған нәрестеге бір мезетте екі ота жасауға тура келді: сол жақтағы торакотомия, өңештің қосарланған бөлігін алып тастау және лапаротомия, он екі елі ішектің қосарлануын алу мен аш ішектің түтікті қосарланған аймағының резекциясы және ащы ішектің бір-біріне анастомоз арқылы қалыптастыру операциясы бір мезгілде жасалды.

операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 23:42

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Күрделі ота жалпы 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Операцияны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының білікті дәрігерлері, өз ісінің тәжірибелі мамандары жасады. Отадан кейінгі 17-күні Даниал үйіне аман-есен шығарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: