Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан-Хорватия" іскерлік кеңесінің келесі отырыстары Астанада өтеді

Қазақстан СІМ басшысы Хорватия Премьер-министрімен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2024 22:53 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватияға ресми сапарының екінші күні Хорватия Республикасының Премьер-министрі Андрей Пленковичтің қабылдауында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Бакуде СОР29 алаңында өткен Хорватия үкіметінің басшысымен екіжақты келіссөздерін жалғастыра отырып, тараптар саяси диалогты нығайтуға және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.

Атап айтқанда, министр сұхбаттасын Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстандағы институционалдық саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Іске асырылып жатқан шаралар елімізде бизнесті ашуға және жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіні аталып өтті.

Мұрат Нұртілеу хорват компанияларды Қазақстанмен сауда-инвестициялық әріптестікті орнатуға және дамытуға шақырып, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, білім беру, туризм сияқты перспективалы бағыттарды атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар іскерлік байланыстарды арттыруға Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-хорват үкіметаралық комиссиясының және "Қазақстан-Хорватия" іскерлік кеңесінің жұмысы ықпал етуге тиіс деген ортақ пікір білдірді, олардың келесі отырыстары Астанада 2025 жылы жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Андрей Пленкович сенім мен өзара қолдауға негізделген Астана мен Загреб арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды, оның ішінде аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру және өткізу арқылы жалғастыру уағдаластығына қол жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: