Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Кипр әуе қатынасына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Кездесу, Қазақстан, Кипр, виза, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 17:29 Сурет: gov.kz
25 наурызда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша қазақ-кипрлық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша "сағат теңестірді", көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.

Нұртілеу Қазақстан Кипрмен екіжақты қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін және Никосияны Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

"Соңғы үш онжылдықта елдеріміз арасында барлық деңгейлерде ашық саяси диалог орнады, белсенді сауда және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылды. Өзара құрмет пен сенімге негізделген Қазақстан мен Кипр арасындағы берік және тығыз достық біздің сыртқы саясатымызда ерекше орын алады", – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

Өз кезегінде, Комбос екіжақты қарым-қатынастардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Орталық Азиядағы Кипрдің маңызды серіктесі екеніне сендірді. Осыған байланысты министр Никосияда биыл Астанадағы Кипр Республикасының елшілігін ашу туралы қабылданған шешім туралы хабарлады.

"Біз қарым-қатынасымыздың жаңа дәуірін ашудамыз", – деп атап өтті Комбос.

Тараптар сауда, туризм, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуетті атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша СІМ-де Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының авиациялық органдары арасындағы әуе қатынасы туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банктің деректері бойынша, 2005 жылдан бастап 2023 жылғы III тоқсанға дейінгі кезеңде ҚР экономикасына Кипр инвестицияларының көлемі 4,1 млрд АҚШ долларын құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 268,4 млн). 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Кипр капиталының қатысуымен 392 компания тіркелген (оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 328).

25 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады. Кездесу барысында Кипрдің ел астанасында елшілік ашу ниеті бары белгілі болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: