Астанада тағы бір елдің елшілігі ашылады

Кездесу, Кипрдің сыртқы істер министрлігі, елшілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 16:50 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбостың кездесуі кезінде Астанада тағы бір елшілік ашылатындығы туралы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді", делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесу, Кипрдің сыртқы істер министрі, елшілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 16:50

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растап, дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: