Қазақстанда бір жылда өлім-жітім саны 26 пайызға азайды

Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға аз. Бұл статистиканы Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 137,6 мың адамға тең болған еді.

Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, ең көп өлім-жітім Алматы қаласында (9,3 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 35,1%-ға аз), сондай-ақ Қарағанды ​​(8,8 мың адам) және Түркістан (7,4 мың адам) облыстарында (7,4 мың адам) тіркелді, ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында (1,5 мың адам) тіркелді.

Биыл еліміздің барлық өңірінде өлім-жітім көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені байқалды.

Қазақстанда жиі кездесетін өлім-жітім себептерінің ішінде алдыңғы орында қанайналым жүйесінің аурулары тұр: 22,7 мың өлім – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 30,2%-ға аз, деп жазады ranking.kz.

Одан кейінгі орында қатерлі ісік (10,2 мың өлім), тыныс алу органдарының аурулары (9,8 мың өлім), жазатайым оқиғалар, уланулар және жарақаттар (8,5 мың өлім), сондай-ақ ас қорыту жүйесінің аурулары (8,1 мың өлім) тұр.

Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші рейтингісінде 85-орында тұр. Рейтинг өлім көрсеткішін – 1000 халыққа шаққандағы өлім-жітім санын есептеуге негізделген. Біздің еліміздің коэффициенті 8,11 болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты