Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын қарау жабық есік жағдайында өтеді

Сурет: Zakon.kz
20 желтоқсанда белгілі журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын қарау жабық есік жағдайында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қарау жабық сот отырысында өтеді, өйткені ол мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты, жария етті деген жайттар бойынша айыпталып отыр. (Қылмыстық кодекстің 185-бабы).

Тергеу органдарының өтінішін қарау нәтижесі кейінірек белгілі болады. Алматы қалалық соты

Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол рейдерлік шабуылдарға Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікке ілінген. Сол күні журналистің пәтерінде тінту жүргізілді. Кейінірек Козачковтың адвокаты журналистің 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалуы туралы айтты.

Сол күні «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ұсталған Михаил Козачковқа көмек көрсетуге дайын екенін білдірсе, Қазақстан Журналистер одағы белгілі журналистке қатысты ел заңдарын сақтауға шақырды.

19 желтоқсанда Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттардың Михаил Козачковтың ісіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар