2022 жылы Қазақстан нарығында Bestune T77 премиум кроссовері пайда болды. Автокөлік ықшам және үнемді. Сонымен қатар іші өте кең. Бұл көлік өзіне седан мен жол талғамайтын көліктердің ең жақсы сипатын ала отырып, талапшыл жүргізушілер үшін таңдаулы автомобильге айналды.
Жол талғамайтын көлікті ұнататындар көбіне бағасына келгенде артқа шегінеді. Бірақ құны 11 990 000 теңгеден басталатын эргономикалық Bestune T77 пайда болғалы кроссовер алу арманы орындалуға жақын.
Сурет: bestune.kz
Bestune - FAW қытай автохолдингінің еншілес бренді. T77 моделінде инновациялы дизайн мен заманауи техника үндескен. Тегіс корпус сызығы мен стильді радиатор торы сәнді жарықдиодты шаммен сәтті толыққан. Осының арқасында көлік спорттық дизайнымен өзге брендтердің арасында ерекшеленіп тұрады.
Автомобильдің жоғары клиренсі оның жол талғамайтын көлік болуына мүмкіндік береді. Соның арқасында ол қалада да, ауылда да жолдардағы кез келген кедергіні айналып өте алады.
Көлік төбесінің ашылуы (панорамалы шатыр) жолды, айналадағы әдемілікті әр қырынан көруге көмектеседі. Ал өте кең интерьер көп адам болып, ұзақ сапарға шыққанда ыңғайлы. Үлкен плюстің бірі - 375 литрлік кең магистральдың болуы. Ал артқы орындықтарды өзгерту мүмкіндігі қажет болған кезде көп адамның отыруына жағдай жасайды. Жүксалғышты 1525 литрге дейін ұлғайтуға болады.
Сурет: bestune.kz
Кроссовердің салоны стандарттан тыс жарықтандырылған. Ал қабы берік, ауа өткізетін материалдан - эко-былғарыдан жасалған. Сонымен қатар автомобильде электрон құлып - қозғалтқышты іске қосу түймесі, климатты бақылау жүйесі, құралдар салатын панель және мультимедиа бар.
Айтпақшы, негізгі конфигурацияда екі цифрлы дисплей бар. Ол сапар кезінде мультимедианы ғана емес, қажет болғанда смартфондағы деректерді де ашуға мүмкіндік береді. Ол үшін құрылғыны көліктегі Bluetooth немесе USB жалғағышына қосу керек.
Сурет:bestune.kz
Автомобильдің техникалық сипаттамасына келсек, Bestune T77-нің алдыңғы тартпасында 1,5 литрлік турбо қозғалтқышы бар. Оның мүмкіндігі 160 жылқының күшіне тең. Автокөліктің "жүрегі" неміс инженерлерімен бірлесе жасалды. Ол кроссоверге 9,7 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа жетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте бензин шығыны 100 шақырымға 7-10 литрге тең.
Қауіпсіздік үшін көлікке адаптив круиздік бақылауы бар автономды авариялық тежеу жүйесі енгізілді. Автокөліктің артықшылығының бірі - жолақтың өзгергенін ескерту жүйесі және ықтимал соқтығыс туралы хабарлама. Компания инженерлері жүргізушіні ғана емес, оның жолаушыларын да ойлаған. Себебі автокөлікке бірден алты қауіпсіздік көпшігі орнатылған.
Айта кетейік, қытайлық автокөлік өндірушілер Еуропа нарығын әлдеқашан жаулап алған. Автокөлік өнеркәсібі қарқынды дамып келеді және қазір брэндтер неміс, жапон немесе корей әріптестердікінен ерекшеленбейді.
Сурет: bestune.kz
Сонымен қатар жайлы Bestune T77 жаңа кроссоверін сатып алу қазақстандықтарға ұқсас басқа көлікке қарағанда бірнеше есе арзан түседі.
Crossover Bestune T77 автокөлігінің екі үлгісін сатып алуға болады: Luxury және Premium. Көлікті сатып алмас бұрын Алматы, Астана және Шымкенттегі Bestune салондарында тест-драйв жүргізуге болады.
Сатып алушылардың ыңғайы үшін Trade-in бағдарламасы жұмыс істейді. Оның арқасында жаңа көлік алған адам салоннан шықпай-ақ ескі автомобилін сата алады. Қосымша ақпаратты +7 (708) 345 5555 сенім телефоны арқылы немесе bestune.kz сайтына сұрақ қалдыру арқылы алуға болады.