Шырша әртүрлі болады: Алматыда жүргізушілер көліктерден жаңа жыл символын жасады

Басқа қала тұрғындары таныс ағаштарды жаңа жылдық атрибуттармен сәндеп жатқанда жергілікті автоклубтардың мүшелері шығармашылықпен айналысуға бел байлаған. Мереке рухы мен қарапайым нәрселерден туған ғажайып туралы Zakon.kz материалында.

Кейде жаңа жылдық атмосфераны сезіну үшін Аяз атаның келуін күтудің қажеті жоқ. Мерекені қаласаңыз, оны өзіңіз-ақ жасап ала аласыз. Дәл осы ереже жыл сайынғы автофлешмобқа қатысушыларға бағыт-бағдар беріп жүр. Себебі олар мереке қарсаңында автомобильдерді жинап, "автошырша" жасады. Ұйымдастырушы Марина Лобенко ерекше флешмоб туралы айтты.

"Бұған дейін біз түрлі идеяны жүзеге асырған едік. Мысалы, көліктерден шырша бұтағын, 12-ге бес минут қалғанын көрсететін сағат жасадық. Ал биыл біз шырша жасау керек дедік. Біріншіден, оның қалай көрінетінін білу үшін макетін құрастырдық. Әдемілік үшін шам қажет дедік. Содан кейін автокөлік әуесқойлары тобын аккумулятормен жұмыс істейтін гирляндалар қажет деп ескерттім. Осыдан кейін ең қиыны ашық кеңістікте идеяны жүзеге асыру болды. Көліктерді реттеуге төрт сағат кетті. Қадамдар мен арқандар арқылы көліктер арасындағы қашықты өлшеп, бәрі біркелкі болуы үшін тырыстық. Бірақ қандай нәтиже шықты!?


Сурет: ұйымдастырушылардан

Нәтиже шынымен де әсерлі болды: кемпірқосақтың барлық түсімен жарқыраған 30-дан астам смарт көліктер бір уақытта дыбыс берді.

"Бұл еңбектенуге лайық жұмыс болды! Кейбірі балаларымен келді. Бәріміз шырша жанында айтатын әнді шырқадық, айналып, би биледік. Адамдар бір-біріне сыйлық беріп жатты. Осындай мерекелік көңіл-күйді өзіміз жасап шығару рахат сезімін сыйлайды", - деді Марина.

Айтпақшы мерекелік эстафета елордалық көлік жүргізушілеріне табысталды. Енді Астанадан жаңа жылдық жауапты күтеміз!





Алматы Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: