Синоптиктер 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың батыс облыстарына солтүстік-батыстан жылжыған циклон әсер етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, кей жерлерде Республиканың орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің әсерінен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, тек Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Батыста, оңтүстікте көктайғақ болады деп болжанды. Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -9-11°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С.

Шымкентте көшпелі бұлтты. Өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады