Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

Сурет: Шымкент әкімдігі
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шымкентте "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бақытты отбасы" бағыты бойынша 120 отбасы несиелік баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады.

Пәтер кілтін тапсыруға арналған салтанатты шараға Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, азаматтардың қуанышын бөлісті.


Сурет: Шымкент әкімдігі


Сурет: Шымкент әкімдігі

Айта кетейік, аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Югстройсервис-Н»-ЖШС-і мен «Орион ЛТД» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.


Сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласында биыл 1 527 азамат сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз етілсе, оның 857-і жастар бағдарламасы негізінде 5 жылға табысталуда. Одан бөлек несиелік негізде 1 269 азамат баспанамен қамтылды.


Сурет: Шымкент әкімдігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі