Қазақстанда 109 жол учаскесі әлі жабық, бақылау бекеттерінде 600 көлік тұр

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі жолдардың жабылған учаскелері, бақылау-өткізу бекеттерінде жиналған көліктер және Қазақстанның бірнеше өңірінде жалғасып жатқан апаттық-құтқару жұмыстары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41-і республикалық және 68-і облыстық маңызы бар жолдар. Блок-бекеттерде 600 автокөлік тұр.  

Бір тәулікте құтқару бөлімшелері 695 адамды құтқарды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін тас жолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды, оған қоса 99 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның төртеуі бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.

Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.   ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек