Ауа райының қолайсыздығынан мыңнан астам көлік блок-бекеттерден өте алмай тұр

Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Төтенше жағдайлар министрлігі тас жолдардың жабылуы және жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары жөнінде жаңа мәлімет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) автожолдардың 72 учаскесі жабылды, оның қырығы республикалық және отыз екісі облыстық маңызы бар жолдар.

"Жолдардағы төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осыған ұқсас штабтар өңірлерде (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Жетісу облыстарында) жұмыс істейді. Блок-бекеттерде мыңнан астам автокөлік жиналды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері әзірленіп, техника бөлінгенін хабарлады.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4000-нан астам адам және 1300 бірлік ТЖМ, ІІМ және ЖАО техникасы жұмылдырылды. Республикалық жедел-құтқару жасағы күшінің сүйемелдеуімен Түрген шатқалынан Алматы қаласына 37 машина кетіп бара жатыр.  Жол қызметтері жолды қардан тазартып жатыр". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін ҚР ТЖМ Қазақстанда 109 жол учаскесі жабық тұрғанын, бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалғанын хабарлаған еді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді