Бұрқасын, тұман, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгтдромет" РМҚ синоптиктері республиканың 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с  болатын жел соғады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада бұрқасын болады. Жел соғады, түнде және таңертең екпіні –15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші – 15-20, түнде және таңертең екпіні – 25 м/с. 

Жетісу облысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының тұман, көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысының тұман, көктайғақ болады. Жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Екпіні 23 м/с болатын жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Жаяу бұрқасын соғып, тұман болады. 

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде және таңертең күші – 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні – 17 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында – 15-20, түнде және таңертең екпіні – 23-28 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.  

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: