Тоқаев Ресейге Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуды ұсынды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-саммитінде Ресейдің ұйымға қосылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын пайдаланудың маңызын атап өтті.
"Ұйымымыздың беделін арттыру мақсатында Ресейдің ниетіне оң көзқарас танытып, оған осы форматқа қосылуды немесе ТМҰ қызметіне бақылаушы ретінде қатысуды ұсыну дұрыс әрі әділ шешім болар еді. Ірі держава саналатын Ресей түркі әлемімен ғасырлар бойы тығыз байланыс орнатып келеді. Бұл елдің аумағында көптеген түркі халықтарының өкілдері тарихи тұрғыда өмір сүреді. Қазір Ресей "Алтай – түркі өркениетінің бесігі" жобасын ілгерілетіп жатыр. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды. Орыс тіліндегі көптеген сөздің түп-төркіні түркі тілдерінен шыққан. Жалпы, Ресей түркі мемлекеттерінің, яғни біздің ұйымның құрамына кірсе, бұл барлық мемлекетімізге пайдалы болар еді", – деді Президент.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде 2027 жылы Қазақстанда іскерлік форум өткізуді ұсынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript