Тоқаев Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай мен хуситтердің шабуылдары туралы айтты

Тоқаев Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай мен хуситтердің шабуылдары туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 14:30 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай мен хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси ахуалдың одан әрі ушығып бара жатқанын атап өтті.

"Таяу Шығыстағы жағдай, әсіресе Ормуз бұғазы төңірегіндегі текетірес күрделене түсті. Мұның бәрі жаһандық сауда-экономикалық және көлік-логистикалық тізбектерге, соның ішінде көршілес түркі мемлекеттерін байланыстыратын қатынастарға кері әсерін тигізуде. Қазақстан хуситтердің қарындас Сауд Арабиясына қарсы негізсіз шабуылдарын үзілді-кесілді айыптайды. Осындай заңсыз әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы мәлімдемелерді қолдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен ашылған Түркі мемлекеттері ұйымы аллеясының маңызын атап өтті.

"Бұл аллея мызғымас бауырластығымыздың символына айналады деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде бірқатар маңызды бастама көтерген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: