Алматы тауларында арнайы үйшіктерді паналаған туристер құтқарылды

Кейінгі екі аптада Алматыда жаңадан 3 қосымша тау үйшігі орнатылды. Сонымен барлығының саны - 18. Кейінгі 2 айда осы үйшіктерді туристердің 10-нан астам тобы баспана ретінде паналаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 желтоқсан күні туристік топтан ажырап қалған үш алматылық "Кіші Алматы айналымы" бағытында адасып қалған. Тау жорығында Медеу — Кимасаров шатқалы — Фурмановка — Панорама— Башута — Шымбұлақ — Талғар үлкен асуы— Шымбұлақ — Медеу бағыттары қарастырылған. Олар өз күшін ескермеген әрі арнайы жабдықтарсыз және азық-түлік қорынсыз шыққан. Содан кейін олар Кіші Алматы шатқалындағы арнайы таулы үйшікті паналайды. 

Құтқарушылар үйшіктен сағат 21:00-де хабар алады, содан кейін құрамында Нұрбол Нұралин бар құтқарушылар тобы адасқан туристерге жіберіледі. Түнгі сағат 2-де олар Кіші Алматы шатқалына жетіп, туристердің жағдайын тексеріп, оларға ыстық тамақ береді. Таңертең адасқан топ қалаға жеткен.

"Туристік үйшікте қонып шыққан соң олардың өте пайдалы екеніне көз жеткіздім. Үйшік мен үшін құтқарушы болды, өйткені мен тіземнің ауырсынуын сезініп, кері қарай жүре алмадым. Арнайы үйшікте түнеп шыққан соң @visitalmatykz-ке алғыс айтқым келеді, өйткені бұл үйде тау туристері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: ТЖМ-ге қоңырау шалу түймесі; электр жарығы және ұялы телефонды зарядтау құрылғысы; дайындалған отыны бар пеш; шкафта кружка мен компанияның логотиптері бар үш көрпе болды.Алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен үш кереует бар, үйшік алыстан бірден көрінеді, қызғылт сары түске ие", - деп жазды құтқарылған турист Салтанат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгінде Іле Алатау тауларында ауа-райының қолайсыздығы немесе күрделі жорықтар кезінде туристер паналайтын жаңадан 3 қосымша тау үйшіктері орнатылды. Олар Үлкен Алматы шатқалындағы «Терра» алаңында, Кіші Алматы шатқалындағы Букреев пен Құмбел шыңдарында орналасқан.

Үйшіктер құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесімен жабдықталған, оларда алғашқы көмек апаттық жиынтығы - алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және  бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы ( сіріңке, тез дайындалатын кеспе, крекер, банкадағы ботқа, отын) бар. Арнайы үйцшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған. 


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: