Джеймс Кэмерон "Аватардың" үшінші бөлігінде қандай қызықтар болатынын айтты

Сурет: "Аватар. Су жолы" фильмінен кадр
Режиссер Джеймс Кэмерон келесі "Аватар" фильмдері жақсырақ болады деп есептейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Режиссер Джеймс Кэмерон 20 Minutes телеарнасына берген сұхбатында "Аватардың" үшінші бөлімі қандай  болатыны туралы сөз қозғады. Кэмерон алдағы фильмде басқалардан ерекшеленетін Нави кланы бейнеленетінін айтты.

"Алғашқы фильмдерде адамдардың өте жағымсыз мысалы мен Навидің өте жағымды үлгісі бар. "Аватардың" үшінші бөлімінде осы тұсты керісінше жасаймыз".Джеймс Кэмерон

Үшінші бөлімде Кэмерон көрермен бұрын көрмеген Пандора мәдениетін, соның ішінде "от жауынгер тайпасын" көрсетемін деп уәде берді.

"Біз басты кейіпкерлердің оқиғасын жалғастыра отырып, жаңа дүниелерді зерттейміз. Соңғы бөлімдер ең жақсысы болады деп айта аламын. Қалғандары кіріспе, яғни негізгі тағам алдындағы тіскебасардың бір түрі болды деуге келеді".Джеймс Кэмерон

Бұған дейін Кэмерон "Аватарды" түсіру кезінде бос болауына байланысты бас тартқан жобалар, фильмдер  үшін өкінетінін айтқан еді.



Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды