27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2026 17:06 Фото: pixabay
"Қазгидромет" 2026 жылғы 27 шілдеде Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болып, өрт қаупі жоғарылайтыны туралы болжам жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз өте қатты ыстық мына өңірлерде күтіледі:

  • Атырау облысында – +40...+43 градус;
  • Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде – +40...+43 градус;
  • Маңғыстау облысында – +43...+45 градус.

Аптап ыстық мына өңірлерде болжанады:

  • Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында – +35...+39 градус;
  • Маңғыстау облысында – +38...+42 градус;
  • Қызылорда және Түркістан облыстарында – +40...+42 градус.

Сонымен қатар, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Ал Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарында және Ұлытау облысында, сондай-ақ Түркістан, Жетісу, Қарағанды, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: