Алматылықтарға қалың қар жауып, аяз болатыны ескертілді

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі алдағы екі күнде мегаполисте қалың қар жауатынын ескертті. Ауа температурасының түнде -18°C, күндіз -15°C-қа дейін төмендеуі, -25°C-қа дейін аяз болатыны болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Жолдарда көктайғақ болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықты сақтап, оқыс әрекет жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер көктайғақ болуы мүмкін екенін ескеріп, жүргенде сақтық шараларын ұстануы керек, - делінген Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан хабарламада.

Алматылықтарға үйден ерте шығу және қалың киіну туралы ескертілді.

5 қаңтарда Бартоғай су қоймасында қар құрсауында қалғандардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Олар 2 қаңтардан бері сонда болған. Құтқаруға барлығы 85 адам мен ТЖД 38 техникасы жұмылды.




Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз