Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы қалай өседі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Нәтижесінде осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсті.

Жалақыны есептеу үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) қолданылады. Ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді БЛА (базалық тарифтік мөлшерлемелері) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу
орындары мамандарының және қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын
қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік
ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналықәлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):
Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының
негізгі персоналы):

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтардан бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады