Еліміз бойынша 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік циклонның ойпаты Қазақстан Республикасының солтүстік облыстарына ғана әсер етеді, соның салдарынан аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, солтүстікте, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында 25 градусқа дейін қатты аяз болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 8-10 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 1-3 аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 аяз, күндіз 2-4 жылы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді