Қазақстанда екі мың бала ұшаққа тегін міне алады

Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2023 жылы Қазақстанда тегін әуе қатынасын пайдалана алатын балалар саны 2 мың адамға дейін артатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Былтыр Kids Go тегін бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақта тегін ұшуға мүмкіндік алды.

"Биыл 2000 баланы тегін рейспен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз. Бұл отбасы болып демалуға, қыдыруға көбірек мүмкіндік береді", - деді Асхат Оралов.

Бұған дейін Асхат Оралов қазақстандықтар үшін ел ішінде туристік кэшбэк енгізуді ұсынған еді. Мұндай жүйе қазақстандықтарға аз белсенді демалыс маусымында тур құнын 20%-ға дейін қайтаруға мүмкіндік береді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды