Жамбыл облысында мұз үстінде балық аулаған екі балықшы мерт болды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шу ауданында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті. Оқиға 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 шақырым жердегі Тасөткел су қоймасында болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кетті. Құтқарушылар бір адамның мәйітін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келді.

Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның өлі денесін тауып алып, судан алып шықты.

"Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болады. Қазақстанның ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді. Демалуға немесе балық аулауға шыққанда қарапайым қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Құтқару кеудешелерін пайдаланып, өзіңізді қорғау қажет. Қарлы жерлер мен мұзға қараңғы уақытта бармаңыз, өйткені мұздың қалыңдығы белгісіз және бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі