Оның ішінде, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, Грамад желісінің – 24, Магнумның – 31, ет өнімдерінің – 10 сауда нүктесі болса, 45-і - үй маңындағы дүкендер. Сондай-ақ, 5 жылжымалы көкөніс нүктесі бар.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Құзырлы ведомство нақтылап өткендей, 2023 жылы да мегаполисте әлеуметтік сауда орындарының санын көбейту жоспарланған.
"Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жергілікті тауар өндірушілердің нарықтағы үлесін арттыру мақсатында арнайы келісімшарт түзілген. Олардың қатарында ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдері бар. Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы өсімінің алдын алу мақсатында форвардтық келісімшарт жасалған. Сондай-ақ, қала тұрғындарын нарықтан 10-15% төмен бағада азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып келеді. Тұрғындар көп шоғырланатын 9 нүктеде өтетін шараға жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтар атсалысып жүр", - дейді мамандар.
Айта кетейік, мамандар Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасының тұрақтылығы бақылауда екенін алға тартты.