Сергей Терещенко Түркістан облысындағы Тұрар Рысқұлов ауылына жерленеді

Сурет: otyrar
Шымкентте Сергей Терещенконы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов те қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar телеарнасының хабарына қарағанда, Алтай Көлгінов марқұмның отбасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Сергей Терещенко Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов (Вановка) ауылына жерленеді . 

Еске салайық, 2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Сергей Терещенко Үкіметті 1991-1994 жылдар аралығында басқарды. Ол 1951 жылы 30 наурызда Ресейдің Приморск өлкесінде туған.

1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1993 жылы Ресей Ғылым академиясының Экономика институтын бітірген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс