Ақша жайында ғана емес: ЕТА БКЛК-ның Қазақстан экологиясына, қоғамы мен спортына құйылған инвестициялары

"Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ – Қытайдан Еуропаға контейнерлік пойыздар транзитін қамтамасыз ететін ірі операторлардың бірі. Компания Қазақстанда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын белсенді түрде дамытуда: экологиялық жобаларды қолдау, спорт пен СӨС-ті дамыту.

Әдістеме және ұстанымдар

Қазақстандағы "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ-ның қайырымдылық шығыстары табыстың өсуіне пропорционал түрде артады, бұл әлеуметтік көмек көлемін жоспарлы түрде арттыруға мүмкіндік береді. Компания жобаларды іске асыру арқылы ауқымды мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ нәтижелерді ұзақ мерзімге сақтауға ұмтылады.

Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасына барлық бөлімшенің қызметкерлері мен басшылары жұмылдырылған, бұл әрбір адамға өз еркімен үлес қосуға мүмкіндік береді. Барлық науқандар мен жобалар бойынша компания ашық, егжей-тегжейлі есеп береді, сонымен қатар нәтижелерді талдап, жобалар бағдарламасының болашағын алдын ала жоспарлайды.

"Біздің ойымызша, кез келген табысты бизнес осындай бағдарламаларды дамытуы керек. Біздің корпоративтік мәдениетімізде әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелері жақсы өндірістік нәтижелерге қол жеткізуден кем қаралмайды. Осы орайда ойға алған ісімізді қолдап, іске асыруға мүмкіндік берген акционерлерімізге алғыс айтамыз", – дейді "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ бас директоры Алексей Гром.

Экология

Ормандар

2022 жылы "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен "Іле-Балқаш" резерватына Оңтүстік Балқаш аймағындағы тоғайды қалпына келтіруге көмектесті. Бұл өзен аңғарының оазистері соңғы 100 жылда ауа райының қолайсыз құбылыстарынан – қатты жел, құрғақшылық, өрт пен шаңды дауылдардан зардап шекті. Тоғайлар – Қазақстан үшін ерекше маңызды табиғи элемент, өйткені олар суды жинауға және құрғақшылық кезінде онымен экожүйені суаруға қабілетті табиғи су реттеуші қызметін атқарады. Сондай-ақ тоғай ормандары – Қазақстанның құрғақ климатында маңызы зор көптеген жануардың мекені.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

"Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ бөлген қаражатқа тораңғы, жиде және тал көшеттерінің 12 400 данасы сатып алынды. Көшеттер алдын ала әзірленген жерге отырғызылып, қыста қояннан қорғау үшін металл қоршаулармен қоршалған. Мұндай конструкцияларды көп жылдар бойы пайдалануға болады.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Тоғай ормандарын қалпына келтіргенде "піллә" деп аталатын құрылғылар да қолданылды, олар көшеттерді жыл бойы суаруға мүмкіндік беріп, оны суға толтырады, бұл топырақтың тұрақты ылғалдылығын қамтамасыз етеді. Қорды толтыру үшін "пілләлар" конденсат пен атмосфералық жауын-шашынды жинайды, бұл үстеп құю жиілігін жылына 1 ретке дейін азайтады.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Тұрақты суару кезінде суды үнемдеу үшін мамандар өсімдіктердің тамырына тікелей әсер ететін гидрогель мен тамшылата суару жүйесін пайдаланды. Бак Балқаш көлінен арнайы жүргізілген екі шақырымдық су құбыры арқылы толтырылады. Соңғысы өсімдіктерді ғана емес, "Іле-Балқаш" резерватындағы тор қоршауда ұсталатын Бұқар бұғысының науасын да сумен қамтамасыз етеді.

"Бұл аумақтағы орманды қолдан қалпына келтіру – біздің басым міндетіміз. Өйткені тоғай ормандары болашаққа құйылатын негізгі инвестицияның бірі: ол жануарлардың тіршілігіне және тұтастай алғанда бүкіл экожүйенің әл-ауқатына қолдау көрсетеді. Осы жоба аясында біз көшет отырғызудың әртүрлі тәсілдерін қолдандық және болашақта ең тиімдісінің ауқымын кеңейтеміз. Біз келешекке үлкен оптимизммен қараймыз, өйткені "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ, WWF және "Іле-Балқаш" резерватының қолдауымен отырғызылған көшеттер ондаған жылдардан кейін жайқалған орманға айналады", – дейді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Бұғылар

Ұйым 2020 жылы Орталық Азия өзендерінің бойындағы тоғайдың тар жолағында тіршілік ететін сирек кездесетін жануар – тоғай бұғысын қайтару жобасына қаржылай қолдау көрсетті. Бұл жануар шөл жағдайында өмір сүруге жақсы бейімделетініне қарамастан, ХХ ғасырдың аяғында ол адам әрекеті мен климаттың өзгеруіне байланысты жойылуға шақ қалды.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Сирек кездесетін түрді сақтау бойынша алғашқы жобалар 2000 жылдардың басында басталды. Ол кезде Өзбекстандағы Зарафшан мен Қазақстандағы Сырдария өзендерінің аңғарларындағы популяцияларды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл Орталық Азиядағы бұғы басын 3500-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2020 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Зоология институты бұғыларды қоныстандыру жобасының биологиялық негіздемесін әзірледі. Құжатқа сәйкес, көшіру жануарлардың өмір сүру сапасын жақсартуға, тиісінше, популяцияның одан әрі көбеюіне ықпал етеді. Қоныс аудару 2021 жылғы ақпан айында "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ-ның қолдауымен іске асырылды.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Бұғылар Түркістан орман шаруашылығындағы тәлімбақтан Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркінің Сырдария филиалының Байырқұм орман шаруашылығына жіберілді. Сондай-ақ жақын туыстық будандасу жағдайларының алдын алу үшін "Қарашыңғыл" мемлекеттік аңшылық шаруашылығынан марал сатып алынды. Жиналған қаражаттың бір бөлігіне мал азығы ретінде бес тонна арпа алынды.

Қазақстан халқының әлеуметтік осал санаттарына көмек

"Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ ел халқының әртүрлі мұқтаж және осал санаттарын тікелей және тұрақты серіктестермен: коммерциялық емес ұйымдармен және Ресей, Беларусь және Қазақстандағы қайырымдылық қорларымен ынтымақтастық құру арқылы қолдайды. Әртүрлі көмекке (медициналық, әлеуметтік және т.б.) мұқтаж балаларға, балалар мекемелеріне, аз қамтылған отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға тұрақты түрде көмек көрсетіледі.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

2022 жылы компанияның қаржысына мүгедектегі бар адамдарға арналған арбалар, медициналық корсеттер, дамуында ерекшелігі бар 50 балаға оңалту курстарына сертификаттар сатып алынды. Кәсіпорын аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 1515 балаға кеңсе тауарларын сатып әперді. Ал теміржол саласы ардагерлерін қолдау ТМД елдері үшін әлеуметтік жауапкершіліктің айнымас дәстүріне айналған. Компания ойын-сауық шараларын өткізуге демеушілік жасайды.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Сонымен қатар бағдарлама аясында өңірлік ардагерлер кеңестеріне кеңсе техникалары сатып алынды. Жылыту маусымында "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ қолдауымен Қазақстанның қайырымдылық қорлары қазақстандық зейнеткерлер мен ардагерлерді көмірмен қамтамасыз етіп, мереке күндері азық-түлік себеттерін таратады.

Сондай-ақ "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ қаржылай қолдауымен "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы дизель-генератор қондырғысымен жабдықталды. Бұл мамандандырылған пойыз еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету үшін қолданылады.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Компания "Бақытты балалық шақ" жобасы аясында көптеген қайырымдылық бастамаларын іске асырды:

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Спортты дамыту

2017 жылдан бастап "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ жыл сайын UTLC Cup жастар турнирін өткізіп келеді. Бұл шараның мақсаты – Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың бірігуіне ықпал ету, жарыс тәжірбиесін жинау үшін бәсекеге қабілетті жасөспірімдер құрамасын құру.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Жобаның турнирлеріне қатысуға компания "Барселона" (Испания), "Локомотив" және ЦСКА (Мәскеу, Ресей), "Интер" (Милан, Италия), "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Лион" (Лион, Франция), "Динамо"(Минск, Беларусь), БАТЭ(Борисов, Беларусь) сияқты әлемнің түкпір-түкпірінен әлемге әйгілі командаларды шақырады.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

Алғашқы турнирге қатысқан сол кездегі 14 жастағы жеткіншектердің көбі бүгінде кәсіби футбол жұлдызына айналып үлгерді.


2019 жылы жобаның ауқымы кеңіп, тек футбол ғана емес, сонымен қатар хоккей жарыстары да қамтылды: Астанада UTLC Ice Cup 2019 өтті. Кубок Young Eurasian Stars ұранымен Еуразия аймағының бес елінен үздік жас хоккейшілерді жинады. 


Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

"Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ-ның спорттық жобаларының қоржыны бұрын ұйымдастырылған жобалар сәтті болғандықтан, жаңа бағыттармен толыға бермек.

Сурет: "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ

2023 жылға арналған жоспарлар

Компания келешекте табыстың өсуіне пропорционал түрде қайырымдылық көмек көлемін арттыра отырып, бұрынғы әдістеме мен қағидаттарды ұстануды жоспарлап отыр.


Жалпы, "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ әлеуметтік маңызы бар коммерциялық емес жобалар қоржынын уақыт пен қоғамның сұранысына қарай кеңейте түсуді жоспарлап отыр. Компания тұрақты инвестицияны қажет ететін ұзақ мерзімді жобаларға бағытталған, бұл өз кезегінде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. "Еуразиялық теміржол альянсы БКЛК" АҚ бизнес тек пайда табу үшін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсарту, балалар мен қарт адамдарға көмектесу, жойылып бара жатқан жануар түрлерін сақтау және болашақта спорттан жоғары жетістіктерге негіз жасау үшін де қалыптаса алатынын айшықтап отыр.








Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: